📌 Әр мұсылман білуі тиіс 15 сөз
*1) «Биссмилләһ!»* - «Алланың атымен бастаймын», осылайша әрбір ісімізді Алланың атымен бастаймыз.
*2) «Әссәләму алейкум уә рахматуллахи уә баракатух»* - «Алланың сәлемі, есендігі, тыныштығы мен рахметі болсын». Мұсылманның мұсылманға сәлем беруі.
*3) «Аллаһу Акбар»* - «Алла Ұлық» - Алланың ұлықтығын ұлықтайтын жақсы жаңалық болғанда немесе жамандық, қиындыққа ұшыраған сәтте де, мұсылман қауымы осы бір сөзді айтады.
*4) «Субханналаһ»* - «Алла кемшілік атаулыдан пәк». Жақсы жаңалық, ғажайыпқа тап болған сәтте айтылады.
*5) «Әлхамдулилләһ»* - «Аллаға шүкір», «Аллаға мадақ». Берілген барлық ризық-несібенің Алла Тағаладан келгенін біліп, оған иман келтіру. Оның берген немесе бермеген нәселеріне ризашылық білдіру.
*6) «Ма ша Аллаһ»* – «Алланың қалағаны болады» – Бұл сөз бір нәрсеге таң қалғанда, ісі оңынан болғанда, қуанғанда айтылады.
*7)«Ин ша Аллаһ»* – «Алла қаласа». Бір істі бастауға ниет еткенде, біреуге уәде бергенде, үміттенгенде айтылады.
*8) «Хәсбунәл-лаһу уә ниъмәл- уәкил».* – «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы Көмекші». Қорыққан сәтте, көңілің алаң-елең болғанда, сәтсіздікке душар болғанда айтылады.
*9) «Әъузу бил-ләһи минәш- шайтанир ражим».* «Қуылған шайтанның азғыруынан Аллаға сыйынамын» - деп күмән етіп жатқан ісінен тиылады.
*10) «Астағфируллаһ»* – «Алладан кешірім тілеймін». Күнә жасап қойып тәубеге келгенде, Алладан кешірім тілегенде айтылады.
*11) «Аллаху Мустаан»* - «Алланың көмегі жеткілікті». Шарасыз күй кешкенде айтылады.
*12) «Инна лилләхи уә инна иләйхи раджиун»* - «Бәріміз бір Аллаға тиесіліміз және түбінде Оған қайтамыз». Жақын адамыңды жоғалтқанда, бір кісі қайтыс болғанда айтылады.
*13 «Әмин»* – «Дұғамызды қабыл ете гөр»
*14 «Баракаллаху фика»* – «Алла Тағаланың разылығы болсын!» – рахмет айту ниетімен қолданылады.
*15 «Саллал-лаһу аләйһи уә сәлләм»* – «Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын». Мұхаммед Пайғамбардың есімі жазылған, естіген кезде айтылады.